Балқаш жылыжайында алдағы мерекелерге орай қызғалдақтар жайқалды. Бұл туралы Aikyn.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Балқаш жылыжайы 2 500 шаршы метрді алып жатыр. Онда гидропоника сияқты ауыл шаруашылығының инновациялық тәсілдері қолданылады. Қызғалдақтар да осылай өсіріледі. Әзірге гүлдер көп емес, бірақ алдағы уақытта сұраныс болса, олар жыл бойы өсіріледі.
Балқаш жылыжайының иесі Нариман Сәрсембаев қызғалдақтарды тәжірибе ретінде отырғызғанын айтады. Әдетте ол жылыжайында қияр, қызанақ, тәтті бұрыш және аскөк өсіреді екен.
– Қызғалдақтар – біз үшін жаңа бағыт. Ассортиментті әртараптандыруды шештік. Әрине, Саран мен Қарағандыдағы жылыжай иелерімен кеңесіп, көп нәрсені зерттеуге тура келді. Гүлдерді өзім гаражда тамыр жайғызып өсірдім. Ол жерде гүлдер үшін ең қолайлы температура болды. Қазір жылыжайда да температураны ұстап отырмыз. Қызғалдақтарға + 12 градус керек, бірақ бір қиыны сол жылыжайда қызанақ та бар, ал оларға жылу керек. Нәтижесінде, + 14 температураны ұстап отырмыз. Бірінші партияда қараңғылықты дұрыс таңдауда аздап қателестік. Бірақ енді өзіміздің қателіктерімізді түсіндік, оларды түзетеміз, – деді Нариман Сәрсембаев.
Қазір жылыжайда 7 мың қызғалдақ өседі. Егер гүлдерге сұраныс жоғары болса, онда олар тұрақты негізде өсірмек. Мұны кәсіпкер қажетті температураны ұстап тұру оңай болатын үй-жайда жасауды жоспарлап отыр.
– Әрине, біз кеңеюді қалаймыз. Бірақ мұның бәрі күрделі және үлкен инвестицияларды қажет етеді. Бізге субсидиялар өте көмектесер еді. Тағы бір проблема – кадр тапшылығы. Сауатты жас маман-аграршылар аз, – дейді Нариман Сәрсембаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.