Күні кеше журналист Анна Данченко сүйінші жаңалық – әншінің алғаш балалы болғанын хабарлаған еді.
«Сыртынан түсірудің қажеті жоқ»: журналист Кәмшат Жолдыбаеваның жеке өміріне араласпауға шақырды
Фото: instagram.com
3,932
оқылды

Әнші Кәмшат Жолдыбаева осыдан 2-3 ай бұрын босанып, қазір ата-енесімен тұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Кеше осы сүйінші жаңалықты бөліскен едім, барлық сайттар, оқырмандар шулап кетті ғой. Ақпарат ресми түрде шыққан соң құттықтадым. Жекеге неше түрлі хаттар келді. Кәмшат Ақтөбеде 2-3 ай бұрын босанды. Ата-енесімен тұрады, тіпті, кішкентай қызының суретін жіберіп жатқандар бар», – деп жазады журналист. 

Данченко олардың жеке өмірлеріне араласпауға шақырды.

«Өздері қаласа, кейін бөпесін көрсетер. Оларды сыртынан түсіріп, желіге салудың қажеті жоқ. Олар тыныш өмірді қалайды!», – деп өз ойын білдірді А.Данченко.