Ауа райының нашарлауына байланысты алты облыстың 10 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілген.
Ішкі істер министрлігі: Жолаушылар мен жүргізушілерге маңызды үндеу жасады
Фото: Polisia.kz
589
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіп-қатер мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ІІМ-де жолаушылар мен жүргізушілерге үндеу жасалды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

- Құрметті азаматтар! Жол қозғалысының қатысушылары! Ауа райының нашарлауына байланысты қазіргі уақытта алты облыстың 10 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Жалпы республикалық маңызы бар 1,5 мың шақырым жолда шектеулер енгізілген. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елдімекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Жолда сақ болыңыздар! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.