Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың қайын жұртында қонақта жүрген видеосы жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.
«Қайрат қайын жұртында қонақта» деп жазған видео авторы. Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп, оның отбасына бақыт тілеген.
«Екеуі жарасып тұр», «Бақытты болып жүріңдер, халық екеуіңнің бірге жүргендеріңе риза», «Мынау менің күйеуім бе деп тұр ғой Жұлдыз», «Алла ұзағынан сүйіндірсін! Алғашқы жары, балаларының анасындай ешкім болмайды. Екеуі де сүйкімді, әдемі жұп. Бақыт өз қолдарыңда», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасқалы жүр деген ақпарат тараған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.