"Қазгидромет" синоптиктері 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің басым бөлігінде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын. Жел оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде – 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында қар, облыстың орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман, көктайғақ.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың батысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.
Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.
Шымкентте түнде тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.