Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екі облыста республикалық маңызы бар тасжолдар жабылды
355
оқылды

14 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Абай облысы:  

  • "Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы:   

  • "Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы);  
  • "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары" автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушанов ауылы-Алтай қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 17:00-да ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.