Астанада жабық футбол алаңында доп теуіп жүрген ер адам үстіне футбол қақпасы құлап, ер адам алған жарақатынан мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға қаладағы "Достық Арена" спорт кешенінде болған.
"Футбол алаңында ер адамның қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға ойын барысында болған. Ер адам қақпа маңында болған. Қолымен қақпаның маңдайшасынан ұстап, тартылмақ болған кезде қақпа аударылып, оны басып қалған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция таратқан ақпаратта.