Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: akorda.kz
1,209
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары болды.

Мамандығы инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Тамара Босымбекқызы бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметтерінде болған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.