Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев – қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат.
Бұған дейін, яғни 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қызметін атқарды.
C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтаған.
Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген.
Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.