Өзінің анасын еске алған әнші ішкі толғанысын бөлісті.
Қарақат Әбілдина ұлының өнерін тамашалап, көзіне жас алды
Фото: Instagram.com
7,899
оқылды

Танымал әнші Қарақат Әбілдина ұлы өнер көрсеткен кешке қатысып, ерекше толқынысқа бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әбілдинаның айтуынша, баласы сахнада ана туралы ән орындағанда, оның жүрегін сағыныш пен мұң билеген.

«Ана туралы ән айтылғанда, тамағыма ащы өксік тығылады. Сіздерде де солай ма? Ана мен баланың арасындағы тылсым байланыстың құдіреті қандай күшті еді… Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп ән арнап тұр. Ал мен болсам, өз анамды ойлап, көңілім босап отырмын. Ех, бір кем дүние-ай... Аналарыңыз аман болсыншы!» – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.