Әнші әкесінің қазасы ауыр тигенін айтады.
«Қайғы мен қуаныш қатар жүреді»: Ернар Айдар әкесі өмірден өткен кезде ұлды болғанын айтты
Фото: instagram.com/ernaraidar_kz
1,115
оқылды

Әнші Ернар Айдар жақында өмірден өткен әкесінің жаназасы күні ұлы дүниеге келгенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші әкесінің қазасы ауыр тигенін айтады. Жаназасы өтетін күні таңертең ұлы дүниеге келгенде түсініксіз сезім болғанын жеткізді.

“Пенде болған соң арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүретіні белгілі. Тас түскен жеріне ауыр демекші, әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы болатын күні таңда ұлым дүние есігін ашты. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Сөйтіп әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Қайғыдан құлазып жүрген мен, не қайғырарымды не қуанарымды білмей есеңгіредім. “Өлгеннің артынан өлмек жоқ”, “Қайғы мен қуаныш қатар жүреді” деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім”, – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.