Депутаттардың талқылауына Кипр Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы келісімді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісім және ұйымның бюджетін қалыптастыру мен атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылады.
Екінші оқылымда депутаттар денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасын қарайды. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар жекелеген нормаларды пысықтады. Атап айтқанда, есту қабілеті бұзылған және мүгедектігі жоқ адамдарды жергілікті бюджеттер есебінен есту протезімен қамтамасыз ету, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізбесіне онкологиялық ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді енгізу ұсынылды.
Сонымен қатар бас бостандығынан айыруға немесе шартты түрде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған адамдардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салуға бағытталған түзетулер енгізіледі.
Сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт ғимараттарының ішінде орналасқан жарнаманы қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылған букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына тыйым салуға қатысты нормалар, букмекерлік кеңселер мен ерекше спорттық бағыттағы БАҚ-тың интернет-ресурстарындағы жарнаманы қоспағанда, онлайн-платформаларда басқа да БАҚ-та және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына орналастырылған жарнамаға тыйым салуға бағытталған түзетулерді енгізді.
Күн тәртібінің жобасында Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары мен Сенаттың Бюджет кодексіне енгізген түзетулері де бар.
Әсет ҚАЛИ