Бұл шаралар «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
Ұрланған миллиондар мен миллиардтар: полиция іздеуде жүрген ірі қылмыскерлерді ұстады
Фото: istockphoto.com
746
оқылды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмысқа қарсы күрес аясында іздеуде жүрген тұлғаларды анықтау және ұстау жұмыстарын жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы уақытта бірнеше ірі қылмыскер ұсталды:

Алматыда криминалдық полиция аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған халықаралық іздеуде жүрген ер адамды құрықтады. Ол 2023 жылдың қараша айында тендерге қатысуды ұсыну арқылы азаматты алдап, 76 миллион теңге мен Lexus 570 автокөлігін иемденіп кеткен.

Маңғыстау облысында, «Бейнеу» теміржол станциясында көрші елдің азаматы қолға түсті. Ол Атырауда топпен бірге қоймадан 19 миллион теңгенің тауарын ұрлағаны үшін іздеуде жүрген.

Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры болып, 1 миллиард теңгені сыбайластарымен бірге жымқырған.

Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ қылмыскерлерді анықтау және ұстау шараларын одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді.