Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазып, оқырмандарымен бірге анасымен түскен видеосын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Ана қадірін өзіміз ана болғанда ғана шын түсінеміз. Кейде оқырмандарымнан: “Мамаңызды жиі көрсетесіз, көзінде мұң бар, өмірде көп қиындық көрген-ау” деген пікірлерді оқимын. Иә, түрлі жағдайлар бастан өтті. Бірақ өткенге қайта-қайта орала беруден не пайда? Бастысы – ата-анамыз бізді қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді. Сол үшін шүкіршілік етемін. Ендігі мақсат – анамызға көбірек көңіл бөліп, әр күнін мәнді әрі сәнді ету», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Ләйлә Сұлтанқызының жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, анасына ұзақ ғұмыр тіледі.