Сонымен қатар 300 мың теңге табылды.
Елордада есірткі таратушыдан аса ірі көлемде гашиш майы тәркіленді
Фото: Polisia.kz
214
оқылды

Елордада криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі затын таратпақ болған күдіктіні ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы ер адам қала аумағында есірткі сатумен айналысқаны анықталып, қолға түсті. Тексеру кезінде оның күртесінің қалтасынан 300 мың теңгеге жуық ақша табылды.

Күдіктінің үйін тінту барысында:

  • 937 мл көлемінде сұйық, ашық-қоңыр түсті зат құйылған пластикалық бөтелке;
  • 400 ампула;
  • сұр-жасыл түсті есірткі заты бар қағаз түйіншек тәркіленді.

Алдын ала сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат "каннабис шайыры" есірткісі болып шықты. Бұдан бөлек, күдіктінің нұсқауымен тексерілген мекенжайлардан қосымша екі түйіншек (әрқайсысында 4 ампуладан) алынды.

Тергеу барысында күдіктіге Telegram арқылы есірткі тасымалдау ұсынылғаны белгілі болды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға есірткіге байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.