Биыл барлық қаржыландыру көздерінен 306,8 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланған.
Өскеменде 20 отбасына пәтер кілті табысталды
Фото: istockphoto.com
507
оқылды

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанаты өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын қолдау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Жаңа пәтер иелері үшін бұл күн – жаңа өмірдің бастамасы. Біз бұл бағытта жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», – делінген әкімдік хабарламасында. 

Тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады. Жоспарда жаңа тұрғын үйлер салу және халықтың әртүрлі санаттары үшін қолдау бағдарламаларын кеңейту қарастырылған. Мәселен, биыл барлық қаржыландыру көздерінен 306,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінде  Өскеменде тұрғын үй алуға кезекте 11 950 адам тұр. Олардың ішінде – 2 130 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1 487 көпбалалы отбасы, 4 666 халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған 121 азамат, сондай-ақ 3 546 – мемлекеттік қызметші мен бюджет саласының қызметкерлері.