Судың түсін өзгерткен — балдырлар.
Каспий теңізінің қызыл түске боялуының себебі анықталды
Фото: Lada.kz
673
оқылды

Маңғыстау облысының Экология департаменті Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауынан алынған су сынамаларының зертханалық зерттеу нәтижелерін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Экологтердің мәліметінше, теңіздің қызыл түске боялуына балдырлар себеп болған.

«Балдырлар суға қою қоңыр немесе қызыл түс береді. Бұл құбылыс әсіресе қар жауған кезде айқын көрінеді. Олар негізінен таяз суда, атап айтқанда, жағалау маңында өседі. Толқын шайған кезде судың түсі өзгереді», – деді Маңғыстау облысы Экология департаментінің басшысы Қайсар Нәдірбек.

Мамандар бұл табиғи құбылыс екенін атап өтіп, экологиялық қауіп жоқ екенін мәлімдеді.