Бұған дейін олар ақталған болатын.
Атбасар түрмесінде сотталушыларды азаптаған 12 қызметкер жазадан құтылып кете жаздады
Фото: istockphoto.com
1,899
оқылды

Ақмола облысының прокуратурасы бірнеше ондаған сотталғанды азаптады деп айыпталған Атбасардағы колония қызметкерлерін ақтау үкімімен келіспеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алқабилердің үкіміне апелляциялық шағым түсірілді.

2025 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің шешімі негізінде Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінің бұрынғы 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімін шығарған болатын.

Олар сотталғандарды азаптады деген айыпқа тартылған. Алайда екі күн өткен соң облыстық прокуратура апелляциялық шағым беріп, алқабилердің шешіміне қарсылық білдірді.