Желіде Еркебұлан Тоқтардың журналиске берген сұхбаты тарады.
«Үкіметтің жұмысында не шаруаларың бар»: желіде актер Еркебұлан Тоқтардың даулы мәлімдемесі тарады
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar
839
оқылды

Онда белгілі актер Үкіметтің жұмысына араласпай, әр адам өзінің жұмысын білу керек деген ойын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Үкіметтің жұмысында не шаруаларың бар? Әркім өзінің жұмысымен айналысу керек қой… Мен өз жұмысыммен айналысамын. Үкіметтің жұмысында шаруам жоқ. Өз жұмысымды жақсы жасасам, өмірім жақсы болады», – деп қысқа қайырды.

Бұл көпшіліктің қызу талқысын тудыруда. Кейбірі қолдап, кейбірі даттап отыр.

Арасында мынадай пікірлер де бар: «Өте орынды айтты. Тура осындай болса, ойымыз да, мемлекетіміз де өсер еді. Өсек аңдымай, өз тағдырымызбен айналысайық», «Зарлай бермей, еңбек етіңдер деп тұр ғо?».