Соттың қаулысымен ол кінәлі деп танылып, әкімшілік жазаға тартылды.
ШҚО-да 18 жастағы қыз өзін балағаттаған әкесін сотқа берді
Фото: istockphoto.com
972
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы  Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін балағаттаған әкесін сотқа берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz ШҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 23 қаңтарда ер адам бір бөтелке арақ ішіп, қызымен жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.

18 жастағы қыз полицияға шағымданып, құқық қорғау органдарына хабар берген. Тексеру нәтижесінде ер адамның аса ауыр алкогольдік масаң күйде болғаны және қызының тыныштығын бұзғаны анықталды.

Соттың қаулысымен ол кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.