Ақтаудағы 6-ықшамаудандағы №24 үйдің тұрғындары 11 ақпанда бесінші қабаттың баспалдақ алаңында қимылсыз жатқан ер адамды байқап, полицияға хабар берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары марқұмның баспанасы жоқ екенін анықтады.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның өлімі табиғи себептерден болған.
«Денесі жарақаттанбаған. Биологиялық өлім тіркелді», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.