Қалалық мәслихатта заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутаттар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жөніндегі шарттарды келісу туралы мәселені қарады.
"Қазақпарат" тілшісінің мәліметінше, жер учаскелерін сатып алу келесі құрылыс нысандары бойынша жүзеге асады:
- Мәңгілік ел және Сығанақ даңғылдарының қиылысында көше;
- Тоқпанов көшесі маңындағы мектеп;
- Қалдаяқов және Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы балабақша;
- №48, 69, А106 және А108 аумағында Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының кешені;
- Айтматов және Қорғалжын көшесі қиылысында әкімшілік ғимарат;
- Ақан сері кешесіндегі балабақша;
- С645 және Еңлік-Кебек көшесі қиылысында мектеп;
- Байтұрсынов және Нәжімеденов даңғылдары арасында А-50 мен А51 көшелері;
- Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейін шағын айналма жол;
- Пушкин көшесінен Конституция көшесіне дейін шағын айналма жол;
- Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр даңғылдары қиылысындағы әкімшілік ғимарат салынбақшы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз