Ғимараттағы сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер сыртқа шығарылып, эвакуациялау жасалуда.
Тараздағы  сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті - полиция
Видеодан скриншот
377
оқылды

2025 жылғы 15 ақпанда «102» пультіне сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті,  – деп хабарлайды Аikyn.kz

Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағының, жедел-тергеу тобының және кинологтардың қатысуымен орталық ғимаратына жедел тексеру жүргізілуде.

Ғимараттағы сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер сыртқа шығарылып, эвакуациялау жасалуда, – деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаменті әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындардан мән-жай анықталғанша өзге ақпараттарға сенбеуге, сабыр сақтауға шақырады. Сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат үшін ҚР ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз