Одан бөлек, «Теңге ілу», «Арқан тартыс» секілді ойындар да бар.
Қарағандыда роботтар көкпар тартып, асық ойнайды
Видеодан скриншот
1,662
оқылды

Қарағанды қаласында кішкентай роботтар көкпар тартып, жамбы атуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz

"Қазақстан" телеарнасы тілшінің мәліметінше, мұндай Ұлттық нақыштағы роботтарды алтыншы сынып оқушылары жасап шығарған. Одан бөлек, «Теңге ілу», «Арқан тартыс» секілді ойындар да бар.

Оқушылар өз жобасы арқылы Ұлттық ойындарды насихаттауды көздейді. Жобаны жүзеге асыруға робототехника пәнінің оқытушысы Әділбек Бердіхожаев көмектескен. Шетелде білімін жетілдіріп келген оқытушының бұл салада 10 жылдан аса еңбек тәжірибесі бар.

Оқушылар тарапынан қызығушылық өте жоғары. Бұлар білім беру конструкторлары арқылы жасалған роботтар. Ең басты ерекшеліктері – біздің Ұлттық ойындарымызға негізделген. Ұлттық құндылықтарды сипаттайды, – деді робототехника пәнінің оқытушысы Әділбек Бердіқожаев