К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде домбырашы Аяна Сатаеваның «Қос ішекке сыйған үн» атты жеке концерті өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазіргі таңда өнер университетінің 4-курс студенті атанып жүрген жас домбырашы концертте әртүрлі күйшілік мектептің туындыларын тартып, шеберлігін көрсетті. Кешке жас әншілер мен домбырашылар ансамблі де қатысты.
Концерт соңында ұстаздар мен көрермендер қауымы жас өнерпазға жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз