Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттарының ресми сайттарында жаңа әкімдерге кандидаттарды қарау үшін кезектен тыс сессиялар өтетіні туралы хабарламалар жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Семейдегі сессия дүйсенбі күні сағат 12:30-да, Өскеменде - сол күні сағат 10:00-де өтеді.
Бұған дейін Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінен босатылған, ал Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен кетіп, Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.