Әнші баласына әкесінің атын берген.
«Әкемнің жаназасы болатын күнге тұспа-тұс келді»: Ернар Айдар ұлды болды
Фото: istockphoto.com
2,456
оқылды

Ернар Айдар 27 желтоқсан күні шекесі торсықтай баласы дүние есігін ашқанын, дәл сол күні әкесін жер қойнына тапсырғанын хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.

«Алайда, мейірімі шексіз Алла, асқар тауымның орнын ойсыратпайын деді ме екен, тура әкемнің жаназасы болатын күні, яғни 2024 жылдың 27  желтоқсанында, қасиетті жұма күні таңғы сағат 6:00-де шекесі торсықтай «атқа мінеріме» мына жалған жарық дүниенің есігін аштырды. Сөйтіп, әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Аллаға шүкір.

Әкемді тура сол күні 2024 жылдың 27 желтоқсанында жұма күні сағ 15:00-де жер қойнына тапсырдық», – деп жазды әртіс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.