Ақтаудағы төрт қабатты тұрғын үйдің тұрғындары 13 ақпаннан бері ауызсусыз отыр.
Ақтау тұрғындары 4 күн бойы сусыз отыр
305
оқылды

«Нұрике» ТКШ басқармасы қызмет көрсету мекемесі бастапқыда мәселені 16 ақпанда шешеміз деп уәде берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

Алайда кейін мерзім 17 ақпанға шегерілді.

Судан тарыққан тұрғындар жертөледегі жағдайды өз көздерімен көру үшін жиналды. Олар судың пластик құбырдан жертөлеге ағып жатқанын видеоға түсіріп алған. Бірақ мәселені шешуге келген полиция қызметкерлері ықпал ете алмады.

«Су есептегіш айналып тұр, бірақ су жертөлеге кетіп жатыр. Осы күндерде қанша шығынға баттық?! Ал коммуналдық мекеме жауапкершілікті бізге артқысы келеді. Біз жан-жақты тексеру жүргізуді талап етеміз!», – дейді тұрғындар.

Үй тұрғындары мәселені Маңғыстау облысы әкімінің Telegram чатына жазғанымен, ешқандай жауап ала алмаған. Олардың айтуынша, бұл үйде бұған дейін де қиындықтар болған. Өткен жылдың қарашасында жарылыс салдарынан жылусыз қалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.