Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауылында 1982 жылы туған ер адамды 300 келілік шөп орамы басып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның көмек сұрағанын естіген ауыл тұрғыны дереу құтқарушыларға хабар берген.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен ер адамды босатып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Дәрігерлер оның денсаулығына қауіп жоқ екенін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.