Алматы қалалық Мәдениет басқармасы хайуанаттар бағының қазіргі орнында жұмысын жалғастыратынын және оны басқа қалаға көшіру жоспары жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, Алматының даму жоспарында зообақты халықаралық стандарттарға сай жаңғырту мен қайта құру қарастырылған. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурс жарияланып, жаңарту жұмыстары 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілмек.
Сонымен қатар Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтындағы зообақты көшіру туралы ақпарат өшірілген. Әкімдік жобалық кеңсе отырысында бұл мәселе талқыланғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін Алатау қаласында министрліктердің вице-министрлері қатысқан жобалық кеңсе отырысында алматылық зообақ көшірілетіні айтылған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.