Желіде тараған видеода Шерзат Полатты өлтірді деген күдікке ілінгендер тергеу изоляторында мерекелік кеш ұйымдастырғандарын көруге болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бейнежазба «Письма Президенту» Telegram арнасында жарияланды. Видеода айыпталушылардың сусын ішіп, торттағы шамдарды үрлеп, смарт-динамикадан Қайрат Нұртастың «Туған күн» әнін қоюды сұрап жатқаны көрінеді.
Олардың әрекетін біреу телефонға түсірген. Желі қолданушылары бұл жағдайға наразылық білдіріп, шағымданған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.