Әнші жұбайы екеуі отбасы мен сахнаны бөлек қарастырмайтынын, екі жағдайда да отбасылық жұп болып қала беретінін жеткізді.
«Аиша мен үшін жұлдыз емес»: Бүркіт отбасындағы қарым-қатынас туралы айтты
Фото: видеодан кадр
1,142
оқылды

Танымал жұп Беркут пен Аиша ғашықтар күніне орай шығарылған Late Night Show бағдарламасына қатысып, сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жүргізуші Динара Сатжан сахна мен өмір – екі бөлек дүниенің тұтқасын қалайша ұстап жүргендерін сұрады.

«Біз үшін екі дүние бір, арасын бөліп жатпаймыз. Неге бөлуіміз керек? Біз үйге келдік, киімді ауыстырып, шай ішуге отырамыз», – деп жауап берді әртіс.

Оған жүргізуші сахнада Аиша бөлек «жұлдыз» екенін еске салды.

«Менің қасымда қай жерде болмасын әйелім жүреді. Оған басқаша қалай қараймын?! Ол мен үшін жұлдыз емес, нағыз патшайым!» – деп қысқа қайырды ол.