Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көлашы ауылында белгісіз адам Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюзді ашып жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, бұл аулалар елді мекеннен тыс жерде, ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз салынған. Қазір жағдай бақылауға алынған.
Су тасқынын жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 2 техника және 2 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шлюзді ашқан адамды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.