Қостанай облысы Қамысты ауданында бес метрлік жаңажылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Zakon.kz мәліметінше, марқұм ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, кейін жан тапсырған.
– Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы да пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын айтты.
– 13 ақпанда сағат 19.22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Диагноз "Көп жерден омыртқа мен жамбас сүйектерінің сынуы" және "1-2-дәрежелі жарақаттық шок". Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22.40-та науқас көз жұмды, – деп хабарлады дәрігерлер.