Қазір ол командаластарымен бірге су түбіндегі контейнерлерді шығаратын құрылғының шағын нұсқасын құрастырып жатыр.
Мектеп оқушысы туған өлкесі туралы компьютерлік ойын құрастырды
istockphoto.com
1,613
оқылды

Жетісу облысының Жыланды ауылында тұратын Зариф Фархатұлы есімді оқушы екі бірдей компьютерлік ойын жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz телеарнасы тілшісінің мәліметінше, оның алғашқысы, жат ғаламшарлықпен шайқасатын жауынгер Зариф Фархатұлының ойыны балыққа айналған батыр туралы. Ол Алакөл, Балқашты жүзіп өтіп, Ағыны қатты өзенімен таудағы Жасылкөлге дейін жетуі керек. Сол аралықтағы жақұттарды жинап өз бейнесін қалпына келтіруі тиіс. Көріністің шынайы шығуы үшін автор бар мүмкіндікті пайдаланған.

Осы ойында шынайы топографиялық карта қолданылған. Ол таудың биіктігі көлдің тереңдігі, ағысы бәрі енгізілген. Адам шынайы әлемдегі сияқты қарым-қатынаста жүреді, – дейді оқушы

Зариф Жыландыдағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында оқиды. Қазір ол командаластарымен бірге су түбіндегі контейнерлерді шығаратын құрылғының шағын нұсқасын құрастырып жатыр