Оқиға кешкі сағат 18.00 шамасында болған.
Екібастұзда сауда үйінің төбесі құлады: 4 адам зардап шеккен
Ашық дереккөз
732
оқылды

Бүгін Екібастұзда сауда үйінің төбесі құлады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Оқиға кешкі уақытта болған.

"Қазақстан" телеарнасы тілшісінің мәліметінше, қаладағы ең үлкен «Maxi Mall» сауда үйінің ғимарат ішінде 150 шаршы метр алаңға аспалы төбе опырылып түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жеткен. 

Апаттан зардап шеккен 3 адам ауруханаға жатқызылса, 1 адам жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізілген. Ал 2 адам жедел көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз