Ата-аналарға реанимациядағы балаларымен бірге болуға рұқсат беріледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Бұл бастама анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде балалардың заңды өкілдерімен тәулік бойы бірге болуын қамтамасыз етеді.
Министрліктің мәлімдеуінше, ата-аналардың жанында болуы балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті жақсартуға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз