Бүйрек аурулары ағзаның жұмысын бұзып, жалпы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Бұл жайлы "Теледәрігер" бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Кез келген ауру сияқты бүйрек ауруларының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Мәселен, зәр шығару азайып, аяқ-қол ісініп, жиі шаршап, жүрек айнып, басқа да жайсыздықтар жиі қайталанса, дереу дәрігерге барып көрінген абзал.
Мамандардың айтуынша, қарапайым несеп талдамаларын тапсырып, бүйрек ауруларының алдын алуға болады.