Алматыда Рысқұлов даңғылындағы базар аумағында қойма өртенді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметіне сәйкес, Алматы қаласының өрт сөндірушілері қоймадағы өртті сөндірді. Өрт оқпандары енгізіліп, автоцистерналар су көздеріне жедел орнатылды. Үздіксіз су беру қамтамасыз етілді.
Оқиға орнында 77 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Өрттің жалпы ауданы анықталуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз