Лондонда қос елдің тиісті ведомстволары ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
Англияда Қазақстан азаматтарының еңбек құқығы қорғалады
istockphoto.com
738
оқылды

Ұлыбританияда маусымдық жұмыстарға тартылған Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтары қорғалады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24KZ телеарнасының мәліметінше, Лондонда қос елдің тиісті ведомстволары экономика, инвестиция, энергетика және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Өткен жылдың сәуір айында екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалғаны белгілі. Қазақ-британ стратегиялық диалогының 8-ші отырысында сол келісімді ратификациялау барысы талқыланды.

Қос ел екіжақты стратегиялық диалог жүргізу бағытында жүйелі жұмыс істеп келеді. Биыл Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 33 жыл.