ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 17 ақпан сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қостанай облысы:
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы - Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);
- "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай ауылы - Бұзылық ауылы); - "Жезқазған-Петропавл" автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).
Жолды 18 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.