Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 20 ақпанда болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Палата отырысы өтті
283
оқылды

Алдағы бейсенбіде өтетін Сенат отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Заңның мақсаты – фитосанитариялық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аума­ғында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болғызбау үшін өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.

Келісімнің күші фитосанитариялық шаралар тұрғысынан, әсіресе халықаралық тасымалдау жағ­дай­ларында зиянкестер үшін жасырыну орны бола алатын немесе олардың таралуын жеңілдететін кез келген өсімдікті, өсімдік өнімін, жинау орнын, қаптаманы, тасымалдауды, контейнерді, топырақты және кез келген басқа организмді, объектіні немесе материалды қоса алғанда, карантинге жатқызылған барлық материалға қолданылады.

Сонымен қатар бюро оты­­­­рысында депутаттар Сенат­­тың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады және бұған дейін Парламент Мәжілісі қабылдаған заңдарды жұмыс үшін палата комитеттеріне бөліп берді.