Мейрамбек Бесбаев Instagram-дағы парақшасында ұлымен бірге түскен фотосессиядан үзінді жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушылары әке мен баланың видеосына сүйсініп, ақ тілегін арнады. Әншінің оқырмандары ұлын әкесінің кішкентай кезіне ұқсатты.
"Аман болсын кішкентай нар тұлғаның ізбасары", "Мұрагерің аман болсын, Мейрамбек балам. Халқыңа қызмет етіп, ықыласына бөленіп жүрген асыл азаматсың. Ұлыңа да сондай абыройлы өмірді нәсіп етсін Аллам. "Бір бала әкеден өте туады, бір бала әкеге жете туады. Бір бала әкеден кері кете туады" деген дана халқымыз. Сол айтпақшы, өзің жетпеген биіктерді бағындырып, әкеден өте туған перзент болсын", "Өзіңізден аумай қапты, тіл көзден сақтасын Аллам", "Өте әдемі көрініс! Ұлыңыз аман болсын! Ел тізгінін ұстар саналы, парасатты азамат болсын!", "Кішкентай бала Мейрамбек", - деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, былтыр Мейрамбек Бесбаевтың үшінші перзенті дүниеге келді. Оның жұбайы өмірге қыз әкелгенін айтты. Есімін Айзия деп қойған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.