ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді.
Шахтадағы апат: екі облыстың құтқарушылары оқиға орнына барды
Фото: ТЖМ
239
оқылды

Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Төтенше жағдайлар министрлігі кенiштегi ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «АСС Сериктес» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілгенін мәлімдеді.

ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді. 

Ақпарат алу үшін «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды: 8 (7172) 55-96-21. 

ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнында.

Айта кетейік, Ұлытау облысында шахта опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалды.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.