Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.
Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com/ru
759
оқылды

Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шахтадағы апат салдарынан 7 жұмысшы қаза тапты.

– Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы  3-бөлігі  ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында департаменттің жедел тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.