Қостанай облысы аумағында ауа райының қолайсыздығынан жол апаты болып, 6 адамның өміріне қауіп төнген. Автокөліктердің біріндегі 4 адам, оның ішінде 2 бала өздігінен автокөліктен шыққан. Екінші автокөліктегі жүргізуші зардап шегіп, өздігінен көліктен шыға алмай қалған.
Астана қаласынан іссапардан келе жатқан Атырау облысының ТЖД жүргізушілері азаматтық қорғау аға сержанты Е.Изгалиев пен азаматтық қорғау қатардағы Р.Теміртасов оқиға орнына кездейсоқ тап болып, жедел түрде көмек көрсеткен.
Атыраулық құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, «Холматро» авариялық-құтқару жабдығымен жолаушыларды автокөліктен шығарып, зардап шегушіні жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.