Оқиға әл-Фараби даңғылы мен Марков көшесінің қиылысында болған.
Алматыда полицейлер толғақ қысқан әйелді перзентханаға жеткізді (видео)
Фото: видеодан кадр
612
оқылды

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері жас ананың дер кезінде перзентханаға жетуіне көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция қызметкері Асхат Мамедалының айтуынша, оқиға әл-Фараби даңғылы мен Марков көшесінің қиылысында болған.

"Бізді "Kia" автокөлігінің жүргізушісі тоқтатып, жұбайының толғағы басталғанын айтты. Ол бізден жол ашып, перзентханаға дейін ертіп апаруды өтінді. Дереу радиобайланыс арқылы кезекші бөлімге хабар беріп, медициналық мекемені босанатын әйелдің келе жатқанынан құлағдар еттік. Кешкі уақыт, көлік кептелісі – жағдай оңай болған жоқ. Дегенмен, уақытпен жарысып, перзентханаға жетіп үлгердік. Бар-жоғы жарты сағат өткенде нәресте дүниеге келді. Жас ананы шын жүректен құттықтаймыз!" – дейді тәртіп сақшысы.

Полицейлердің айтуынша, анасы мен нәрестенің денсаулығы жақсы, олар қазір дәрігерлердің бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.