Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қостанайлық құтқарушылар үш жасар баланы құтқарып, өрттің алдын алды  
Видеодан скриншот
238
оқылды

Қостанай қаласы Береке шағынауданында анасы балконға шыққан кезде, ал оның үш жасар баласы ойнап жүріп, есікті іштен жауып тастаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, бала пәтерде ересектерсіз жалғыз қалған. Оған қоса сол сәтте пеште тамақ дайындалып жатқан.  

– Әйелдің қолында телефоны болып, ол 112 желісіне қоңырау шалды. Келген құтқарушылар жоғарыдағы пәтерден балконға түсіп, есікті ашты, – делінген ақпаратта. 

Осылайша құтқарушылар өрт қаупінің алдын алып, ана мен балаға көмек көрсетті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.