Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Барлық өңір, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін PDF форматта muftyat.kz сайтынан сілтемеге өтіп жүктеп алуға болады.
Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – Қадір түні, ал 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.