Полиция бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. 
Жамбылда ер адам тойға дайындалған қазы мен тойбастарды ұрлап кеткен
1,393
оқылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерге түсіп, ұрлық жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қолының сұғы бар ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлаған. 

Сондай-ақ, тағы бір тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды. 

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. 

Аталған дерек бойынша үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.